Үкімет басшысы мұнай өндіруші шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің «Royal Dutcs Shell» компаниясының атқарушы директоры Малкольм Бриндедпен болған кездесу барысында Қазақстан мен Шелл арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды,
деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
М.Бриндед компания Қазақстан экономикасын инвестициялауды, әсіресе, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кен орындарын игеру жобаларын жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Сондай-ақ Премьер - Министр К.Мәсімовтің «ConocoPhillips» компаниясының бас атқарушы директоры әрі басқарма төрағасы Джеймс Малвамен болған кездесуінде «Қашаған» кен орнын игеруге қатысушы компаниялардың бірлескен қызметінің барысы, сондай - ақ, «Н» блогындағы барлау жұмыстары жөнінде әңгіме өрбіді.