Үкімет басшысы Мұнай және газ министрлігіне 2012 жылы ішкі нарықты жанармаймен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуді тапсырды

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет басшысы Мұнай және газ министрлігіне 2012 жылы ішкі нарықты жанармаймен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуді тапсырды.
None
None

Бұл тапсырманы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында аталған ведомствоның басшысы Сауат Мыңбаевқа жүктеді. «Желтоқсан айында сіз жанармай бағасы көлемі бойынша ешқандай проблема болмайтындығына кепіл беруіңіз керек. 2012 жылғы жағдай тұрғысынан алып қарағанда, желтоқсан айының ішінде менде жиналыс өткізуге дайындалыңыздар. Қажетті баланстарды, қандай шешімдерді қабылдау қажет деген сынды жайттарды қамтыңыздар. Мен оларды бекітуге дайынмын», деді К.Мәсімов. Сонымен қатар Үкімет басшысы 2012 жыл бойы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде облыс әкімдерімен бірлесе жұмыс істеу керектігін атап өтіп, Ресей Федерациясынан әкелінетін жанармайды өңірлерге бөлу жоспарын нақтылау қажеттігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар