17:06, 03 Сәуір 2012 | GMT +5
Үкімет басшысы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жеке жиын өткізбек
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жеке жиын өткізуге тапсырма берді.

Жоғарыда аталған проблемадан ел азаматтарын қорғау қажеттігіне баса назар аударған ол, өзінің бірінші орынбасары С.Ахметовке қайырылып: «Серік Нығметұлы, ең алдымен жеке жиынға дайындалу керек, одан кейін мүмкін болса Үкімет отырысын өткізерміз», - деді.
К.Мәсімовтің атап өтуінше, ол жиындарда аталған проблемаға қатысты барлық мәселелер қамтылуы керек. Оның ішінде, шекара, кеден қызметтеріне, Қорғаныс министрлігі мен ішкі әскерге қатысты жайттар да көтерілуі тиіс.