12:30, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Үкімет басшысы облыс әкімдіктеріне Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов облыс әкімдіктеріне Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясындағы кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
«Бұл тұрғыдағы кемшіліктер бойынша барша облыстарда тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Осы бағытта негізделген қаржы тұралап қалмау үшін бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек. Яғни жұмыстар қарқынды іске асырылып жатқан өңірлерге ресурстарды артық бөлу қажет. Ал бұл жұмыстар баяу іске асырылып жатқан облыстардың жергілікті билігі мен өңірлерге тиісті сұрақтар туындап отыр», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Атап айтқанда, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы көп пәтерлі тұрғын-үйлерді жөндеу бойынша екі тетік жүзеге асырылуда. Осының аясында еліміздің өңірлерінде тұрғын-үйлерді жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.