Үкімет басшысы облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына жеке жауапкершілік бекітуді тапсырды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  Үкімет басшысы облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына жеке жауапкершілік бекітуді тапсырды. Бұл тапсырманы ол бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында берді.
None
None

«Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық және оны ұйымдасқан түрде жүргізуге жеке жауапкершілік бекітсін. Осыған орай инженерлік инфрақұрылымдар, тұрғын үй-коммуналдық секторы және әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту кезеңіне дайындау бойынша өңірлік штабтарды құруды, күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін энергия көздеріне қажетті отын көлемін жинақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, сондай-ақ бюджеттік сала және әлеуметтік тұрмыстық ұйымдардың нысандарына көмір жеткізуді және келісімшарттар жасауды тапсырамын», - деді К. Мәсімов.

Сонддай-ақ Премьер-Министр әкімдерге өткен маусымда температура режимін қамтамасыз етуде проблемалар орын алған әлеуметтік және тұрғын үй нысандарына қосымша тексеру жүргізуді жүктеді.

 

Соңғы жаңалықтар