Үкімет басшысы: Онкологиялық науқастардың жартысынан көбі –еңбекке қабілетті жастар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық медицина дамып жатса да, онкологиялық ахуал оңалмай тұр. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 37 мыңнан астам жағдайы анықталады. 20 жыл ішінде өлім-жітім деңгейі 33%-ке төмендегеніне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан астам қазақстандықтың өмірін қияды. Бұл – өте үлкен және ауыр көрсеткіштер. Онкологиялық науқастардың жартысынан көбі –еңбекке қабілетті жастар», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау мәселесі кешеуілдеп жатыр.

«Мұндай цифрлардың басты себебі – аурудың кеш анықталуы. Өкінішке қарай, медицинамыз көптеген бағыттар бойынша дамып кетсе де, бұл жағдай жалпы өзгермей тұр. Жоғары технологиялық жабдықтар, дәрі-дәрмектер, заманауи ауруханалар саны қанша жерден көбейгенімен, бізге ауруды ерте бастан анықтай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Халықпен де үнемі профилактикалық жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар адамдардың өздері де өз денсаулықтарын күтуі тиіс», - деді Үкімет башысы.

Соңғы жаңалықтар