Үкімет басшысы онлайн-конференция өткізетін порталды таңдады

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат -Премьер-Министр Кәрім Мәсімов онлайн-конференция өткізілетін порталды таңдады.
None
None

Ол тұтынушылардың сауалдарына zakon.kz порталында жауап береді. Бұл туралы Үкімет басшысы интернеттегі өз блогында жазды.

«Бүгін түнде, Астана уақыты бойынша сағат 00.00-де онлайн-конференция өтетін алаңды таңдау бойынша дауыс беру аяқталды. Дауыстардың қорытындысы бойынша Zakon.kz сайты бірінші орын алды, оған 1761 дауыс берілді. Дауыс беруге барлығы 8 936 адам қатысты», - деп жазды К.Мәсімов өз парақшасында.

Үкімет басшысы сондай-ақ «процестің тазалығы үшін «Азаттық» радиосында да балама конференция өткізетінін» атап көрсетті.

Онлайн-конференцияның күні мен уақыты туралы Премьер-Министр pm.kz сайтында, Twitter мен Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлайтын болады.

Соңғы жаңалықтар