Үкімет басшысы орынбасарына импорттық кедендік баж салығы мәселелерін реттеуді жеке бақылауына алуды тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орынбасары Өмірзақ Шөкеевке импорттық кедендік баж салығы мәселелерін реттеуді жеке бақылауына алуды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өз кезегінде Ө. Шөкеев Үкімет еліміздің сыртқы экономикалық саясатындағы баж салығы мәселесін реттейтінін айта келе: «Бізге бұл жұмысты белсендіру қажет. Аптасына болмаса да, екі аптада бір мәрте экономиканың нақты секторын қолдау жөніндегі ағымдағы шаралар бойынша қаулыларды қарап отыру керек», деді. Айта кетейік, Үкіметтің кешегі селекторлық кеңесінде Ө. Шөкеев шетелдік кәсіпорындарға салынатын кедендік баж салығының мөлшерін көтеру қажеттігін айтқан болатын. Оның айтуынша, қазіргі таңда дайын өнімдерімен шетелдік кәсіпорындармен бәсекелесе алатын отандық кәсіпорындар шетелдік кәсіпорындарға салынатын импорттық кедендік баж салығын ұлғайту мәселесін көтеріп жатқан көрінеді. «Бізге қазір бұл құралды (кедендік баж салығы-ред.) белсенді түрде іске қосу қажет. Біздің қазіргі барлық қызметіміз өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына көмектесуге жұмылдырылуы тиіс», - деген болатын Вице-Премьер.
Соңғы жаңалықтар