Үкімет басшысы отбасымен бірге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді
АНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, 3 сәуір күні Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов отбасымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Премьер-Министр М.Горький атындағы орыс драма театрында орналасқан №2-ші сайлау учаскесіне жұбайы Дилярам Мәсімовамен және қызы Сарамен келді.
Аталмыш сайлау учаскесінде таңертеңгі сағат 8 жарымға дейін барлығы 20-дан астам байқаушы болды. Оның 5-уі отандық болса, қалғаны халықаралық байқаушылар.
Дауыс беру ресми түрде басталған таңертеңгі 7.00-ден екі сайлау учаскесінде болып үлгерген Қазақстандағы АҚШ істерінің сенімді өкілі Джон Ордвей, оларда дауыс беру үдерістері ережелерге сәйкес өтіп жатқандығын айтты. Сондай-ақ ол, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңесінің кәсіби байқаушылар тобының сайлау нәтижесі бойынша беретін есебі жан-жақты әрі шынайы болатындығына сенім білдірді.