Үкімет басшысы сайтында үкімет жұмыстары туралы ақпараттар жазылған бөлім ашылды
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат. Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің ресми сайтының әкімшілігі «Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру» атты жаңа бөлімнің ашылғандығы туралы хабарлайды.
Осы бөлімнен мақсатты индикаторлар, негізгі оқиғалар, сараптамалық пікірлер туралы мәліметтерді, бағдарламаларды іске асыру барысы туралы бейне және фоторепортаждарды таба аласыздар,- деп хабарланған www.facebook.com:80/KMassimov . сайтында.