Үкімет басшысы шетелдік компания президентімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «TeliaSonera» компаниясының президенті Ларс Нибергпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде компанияның қазақстандық телекоммуникациялық қызмет рыногын дамытуға қатысты алдағы жоспарлары талқыланды.Л.Ниберг Қазақстандағы телекоммуникациялық қызмет рыногының әлеуеті жоғары екенін атап өтті.Ол, сондай-ақ компания Қазақстан нарығындағы қызметін әрі қарай кеңейтуге, озық технологияларды қолдану арқылы әлемдік дәрежедегі телекоммуникациялық қызмет түрлерін ұсынуға мүдделі екенін жеткізді.