Үкімет басшысы «Шеврон» корпорациясының жоспарларын мақұлдады

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Шеврон» корпорациясы директорлар Кеңесінің төрағасы және Бас атқарушы директоры Джозеф Дэвид О` Райлли бастаған компания өкілдерімен кездесті,

Үкімет басшысы «Шеврон» корпорациясының жоспарларын мақұлдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында қазақстандық мұнай көздерін барлау, КҚК мұнай құбырын кеңейтудің перспективалары, сондай-ақ, мұнай тасымалының Қазақстан Каспий жүйесін құруға және өзге де инфрақұрылымдық жобаларға корпорацияның қатысуы туралы мәселелер талқылады.Д. О`Райлли Қазақстан басшылығына көрсетіліп жатқан қолдау мен тығыз ынтымақтастық үшін ризашылығын жеткізді.Сонымен қатар, ол корпорация қызметінде «қазақстандық тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізіп берушілердің үлесін арттыруға айырықша көңіл бөлініп отырғанын, сондай-ақ қазіргі таңда байқалып отырған экономикалық дамудың бәсеңдеуіне қарамастан, бұл көрсеткішті биыл ұлғайта түсетінін» атап өтті.Үкімет басшысы барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау және мұнай өнімдерін сатуға дейінгі мұнай бизнесінің барлық буынын қамтитын Қазақстандағы «Шеврон» корпорациясының жоспарларын мақұлдады.