09:35, 27 Қаңтар 2023 | GMT +5
Үкімет басшысы Шымкенттегі әлеуметтік нысандардың құрылысын тексермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы бірқатар ірі өнеркәсіптік нысанның қызметімен, өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен және «Іскер қала» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысады.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов әйнек конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосуға қатысып, әлеуметтік нысандар құрылысын тексереді деп күтілуде.