Үкімет басшысы Сочидегі қысқы олимпиада ойындарына спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Серік Ахметов Сочидегі қысқы олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы Сочидегі қысқы олимпиада ойындарына спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінгі Үкімет отырысында С. Ахметов олимпиада ойындарындағы спорттық жетістік кез келген мемлекеттің иммиджі мен мәртебесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналатындығын баса айтты.

«Сондықтанда қазіргі уақытта спортшылардың сапалы дайындығы қажет екендігін түсіну өте маңызды. Уақыт тым аз қалды. 7 ақпанда Сочидегі олимпиада ойындары басталады. Сондықтан, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне сапалы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл үшін сіздер барлығымен қамтамасыз етілдіңіздер. Баспасөз қызметінің жұмысын, жанкүйерлердің қатысуын ұйымдастыру қажет»,-деді Премьер-Министр.