13:48, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы Степногор қаласының ауыз су мәселесін шешуді тапсырды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысының әкімі Альберт Рауға Степногор қаласының ауыз су мәселесін шешуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысының жеке электронды блогына түскен осы қала тұрғынының хатын оқыған Үкімет басшысы Степногор қаласында ауызсу мәселесі төңірегінде қалыптасқан жағдай бойынша облыс әкімінің есебін тыңдады. Ақмола облысының әкімі Альберт Раудың айтуынша, бұл ? көптен бері шешемін таппай келе жатқан мәселе. «Бүгінде Сілеті су қоймасынан келетін құбырлардың тозығы 50 пайызға дейін жетіп отыр. Үкіметтің қолдауымен қолға алынған іс-шаралардың арқасында бұл мәселе шешіледі», - деді А.Рау.