Үкімет басшысы тасқын судың алдын алу үшін әкімдерге үнемі тиісті талдау шараларын жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов өңірлердегі болуы мүмкін тасқын судың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
None
None

«Тиісті шаларды тыңғылықты орындау шарт. Өзен, арық арналары, бөгеттерді нығайту, жол инфрақұрылымы мен электр және байланыс желілерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару керек», - деп тапсырды С. Ахметов. Сонымен қатар ол арнайы техниканың әзірлігі, тасқын су болуы мүмкін жерлерде инертті материалдардың қажетті қорын даярлау шараларын ескеруді жүктеді.

Премьер-Министрдің пайымдауынша, халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

«Біз бүгін арнайы алдағы қардың еруіне байланысты жағдайды қарастырдық. Сондықтан да өңір әкімдеріне жағдайдың мониторингін айтарлықтай тыңғылықты жүргізуін тапсырамын. Синоптиктер болжамдаған мерзім сәйкес келмей жататын кездер болып жатады. Осы орайда сіздер әрдайым дайындық тәртібінде болуларыңыз керек», - деп міндет жүктеді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар