Үкімет басшысы үлескерлердің мәселелерін талқылау үшін Астананың даму жөніндегі мемкомиссиясы мүшелерінің басын қосуды тапсырды

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов үлескерлердің мәселелерін талқылау үшін бірінші орынбасарына Астананың даму жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мүшелерінің басын қосуды тапсырды.
None
None

«Өмірзақ Естайұлы, Астана бойынша мемлекеттік комиссияны жинау керек шығар. Мәселе біреу - үлескерлер. Әкім құрылыс нысандарына шығуға дайындалсын», деді К.Мәсімов.

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин ағымдағы жылы пайдалануға берілуі жоспарланған үлескерлердің қатысуындағы бірқатар нысандардың тапсырылу мерзімі келесі жылға шегерілгендігін мәлім еткен болатын. Агенттік нысандардың аяқталуының жаңа кестесін әзірледі. Құжатқа сәйкес, қыркүйектің 25-іне дейін құрылысы аяқталмаған 89 нысанның 55-ін жыл соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Ал 34 нысан 2011 жылға шегерілді. Астана бойынша жаңа кестеге сәйкес 7 нысан 2011 жылға қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар