Үкімет басшысы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Қаулыға қол қойды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы №515 «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Қаулысына қол қойды.

Үкімет басшысы  «Запастағы офицерлерді әскери  қызметке  шақыру  туралы» Қаулыға  қол қойды

"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қосымшаға сәйкес санда әскери қызметке жарамды және оны офицерлер құрамының лауазымында өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгiленген тәртiппен 2011 жылы екi жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі»,- делінген Қаулыда.