Үкімет басшысы «Жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатқан нысандарға нақты мониторинг жүргізуді тапсырды

ыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді,

Үкімет басшысы «Жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатқан нысандарға нақты мониторинг жүргізуді тапсырды

деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Біріншісі - бізге «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысандарға нақты мониторинг жүргізу қажет», деді К. Мәсімов. Премьер-Министрдің айтуынша, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қандай нысандардың құрылысы басталғанын, қайсысы аяқталғанын, қандай нәтиже барын, қандай нысандар кешеуілдеп жатқанын нақты біліп отыру керек. «Екіншіден - мен шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін, қымбат мамандықтар бойынша оқыту жөніндегі сіздің бастамаңызды қолдаймын», деді Премьер-Министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықоваға қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда Үкімет басшысы Еңбек министрлігіне, Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп алдағы кезеңде «Жол картасы» аясында еңбек ететін жұмысшы күшін даярлауға және қайта даярлауға назар аударуды тапсырды. Осы орайда Премьер-Министр Индустрия және сауда министрлігіне шетелдік инвесторлармен жұмыс күшін даярлау мәселесін бірлесіп пысықтауды жүктеді.

«Бұл өте маңызды. Біз бұл мәселеге бұған дейін жеткіліксіз назар аударып келдік», деді Үкімет басшысы.