16:57, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Үкімет басшысына Қазақстан территориясын ұйымдастыру бас сызбасы таныстырылады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет басшысына Қазақстан территориясын ұйымдастыру бас сызбасы таныстырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Осы сенбіде Премьер-Министрге Қазақстан Республикасының территориясын ұйымдастыру бас сызбасы таныстырылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, еліміздің аумағының бас сызбасы 2030 жылға дейін арналған. Аталған құжат қолда бар барлық мемлекеттік салалық, өңірлік бағдарламалардың, жобалардың негізінде қалыптасқан. «Бұл - территорияларды дамытудың перспективасын анықтайтын басты құрал болып табылатын кешенді құжат», - деді Б.Жәмішев.