Үкімет басшысының ағымдағы аптадағы жұмыс жоспары

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Серік Ахметовтің ағымдағы аптадағы жұмыс жоспары белгілі болды.

 Үкімет басшысының ағымдағы аптадағы жұмыс жоспары

«Ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 2012 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу қорытындысын талқылау мақсатында Үкімет отырысын өткізеді», -деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Сондай-ақ ресми өкіл атап өткендей, жұма, 12 сәуір күні Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барады. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысын жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысымен танысып, бірқатар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына ат басын бұрмақ.

Орал қаласында Премьер-Министр БҚО активінің отырысын өткізеді деп жоспарлануда.