Үкімет басшысының қатысуымен Астана-Теміртау бағытындағы жаңа 4 жолақты жол құрылысы басталды

АСТАНА 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Астана-Теміртау бағытындағы жаңа 4 жолақты жол құрылысы басталды.
None
None

Астана-Теміртау бағытындағы жолды 2016 жылы аяқтау көзделуде. Жаңа инновациялық технологиялармен салынатын автожол 4 жолақты болмақ.

«Біз үшін көлік транзитінің әлеуеті өте жоғары. Біздің экономикамызға аса қажет. Қазақстан үшін көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән берілуде. Жыл сайын қаржыландыру өсіп келеді. Ағымдағы жылы 2000 шақырымнан астам жергілікті жолдар жөндеуден өтеді. Сонымен қатар Астана - Қостанай - Челябі бағытындағы жол жөндеу аяқталады. Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің құрылысы қарқынды салынуда. Елбасының тапсырмасымен «Орталық - Оңтүстік», «Орталық - Шығыс», «Орталық - Батыс» бағыттарында автожол құрылысы басталады. Ол Астананы еліміздің дамыған өңірлерімен байланыстырады. Осы жылы Астана - Павлодар, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай бағыттарының құрылысы басталады. Астана - Қарағанды арасындағы көлік қатынасы өте ауқымды. Оның құрылысы ең инновациялық, ең озық технологиялармен салынып, 4 жолақты бетон жолы болады»,-деп атап өтті С. Ахметов журналистерге берген сұхбатында.

Жыл сайын Астана - Қарағанды бағытында 50-ге тарта ірі жол көлік апаттары орын алады. Онда 30-ға тарта адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақаттанады. Жаңа жол салу арқылы бұл көрсеткіш бірнеше есе төмендейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар