Үкімет басшысының қатысуымен қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтеді

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 31-і мен сәуірдің 1-і күндері елордада Үкімет басшысының қатысуымен қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтеді.

Үкімет басшысының қатысуымен қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтеді

Бұл ақпаратты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Ақпарат басқармасы таратып отыр.

«Наурыздың 31-і мен сәуірдің 1-і күндері ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ҚР Премьер-Министрінің, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың басшыларының және жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өткізеді», делінген баспасөз хабарламасында.

Кеңес аясында отандық тауар өндірушілердің «Қазақстандық қамту - 2010» көрмесі өтеді. Сондай-ақ «Электрондық мемлекеттік сатып алулар», «Қазақстандық қамту аясындағы заңнама және «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты алу» тақырыптарында семинар ұйымдастырылады.

Алқалы жиын елорданың сол жағалауында орналасқан Халықаралық «Көрме» орталығында өтеді. Шара барысында тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы меморандумдар мен келісім шарттарға қол қою жоспарланып отыр.