Үкімет басшысының төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 16-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске қатысушылар Қазақстанның ағымдағы экономикалық дамуының көрсеткіштері мен экономиканың түрлі салаларында іскерлік белсенділікті ынталандыруға қатысты шараларды талқылады.
Сонымен бірге, ЭЖМК отырысы барысында азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінің субъектілерін несиелендіру жайы, Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау барысы қаралды.