Үкімет басшысының жұмыс кестесі: Серік Ахметовке «Болашақ» президенттік бағдарламасын жүзеге асырудың жай-жапсары баяндалады

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Премьер-Министрдің ағымдағы аптадағы жұмыс кестесімен таныстырды.

Үкімет басшысының жұмыс кестесі: Серік Ахметовке «Болашақ» президенттік бағдарламасын жүзеге асырудың жай-жапсары баяндалады

Ресми өкілдің айтуынша, ертең Серік Ахметовтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтіп, оның барысында «Болашақ» президенттік бағдарламасын жүзеге асырудың жай-жапсары талқыланбақ.

Бұл бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаттары жайында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндайды.

Бұдан бөлек, 18 сәуірде Үкімет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесі жөнінде кеңес өткізеді.

Оның барысында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы талқыланады деп күтілуде.