Үкімет бизнестің өсіп-өркендеуіне нақты қолдау көрсетпейтін болса, кәсіпкерлер бәсекелестікке алдағы онжылдықта да дайын болмайды - «дөңгелек үстелге» қатысушылар

; АЛМАТЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кедендік одақ қазақстандық кәсіпкерлерді Ресей мен Беларустің зауыт-фабрикаларымен бәсекелесуге мәжбүр етеді. Бұл бүгін Алматыда "Қазақстанды Кедендік одақта не күтіп тұр?" деген тақырыпта өтіп жатқан «дөңгелек үстел» жиынында айтылды,

Үкімет бизнестің өсіп-өркендеуіне нақты қолдау көрсетпейтін болса,  кәсіпкерлер бәсекелестікке алдағы онжылдықта да дайын болмайды - «дөңгелек үстелге» қатысушылар

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ресей мен Беларус Кеден одағына бізге қарағанда дайын сияқты. Олардың өнім шығару жағдайы жоғары деңгейде. Сондай-ақ онда кеңестік дәуірде салынған өндіріс орындарының көпшілігі әлі жұмыс істеп тұр. Үкімет оларға өндірісті қазіргі заманғы жаңа құрал-жабдықтармен жаңартуға, қаржылық, несиелік құралдарға қол жеткізуіне көмектесіп, шикізатпен қамтамасыз етілуіне қолдау жасап отыр. Сондықтан, бұған дейін Қытай экономикасына жұмыс жасап келсек, енді Ресей экономикасының дамуына жұмыс жасайтын боламыз", дейді "Дидар-Барыс" ЖШС-нің директоры Бегалы Мырзабеков. Оның айтуынша, республикадағы қазіргі ахуал шағын кәсіпкерліктің ортаға, ал орташаның ірі бизнеске айналуын ынталандырмайды. Нақты өнім шығаратын кәсіпорындарға жеңілдік керек. Қытай мен Ресейде бұл дұрыс жолға қойылған. Үкіметте жасалатын шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырудың тетіктері жетілдірілмеген.