Үкімет бизнестің проблемаларын біледі және ол ерекше назарда – Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов отандық бизнесті дамытуға қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін - бүкіл бизнес-қоғамдастық үшін маңызды күн. Сіздер палатаның жаңа төралқа мүшелері мен төрағасын сайладыңыздар. Осы ретте, Абылай Исабекұлына еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға қосқан көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтамыз. Төралқаның жаңа мүшелері мен төрағасы Райымбек Баталовқа табыс тілейміз. Райымбек Әнуарұлы бизнес саласында тәжірибелі азамат. Бизнес-қоғамдастықтың талап-тілегін жақсы біледі. Үкімет бизнестің проблемаларын біледі және оларды шешу мәселесін ерекше назарында ұстайды», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, қазір кәсіпкерлік саласындағы өзекті проблемаларды шешіп, қазақстандық бизнестің одан әрі өркендеуіне жол ашу керек.

«Өткен жылы бірінші вице-премьер ретінде шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде апта сайын кеңес өткіздік. Кеңесте 18 қызмет саласы бойынша бизнестің 160-тан астам мәселесін қарадық. Осы проблемалардың шамамен 75%-і оң шешімін тапты. Кеше мемлекеттік органдар мен палата өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте 250-ден астам мәселе қосымша айтылды. Бүгін олар туралы тағы да баяндалды. Үкімет алдағы уақытта осы мәселелермен белсенді айналысады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Премьер-Министр бизнеске қатысты әр проблеманың мұқият қаралатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар