Үкімет Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Әділет министрлігі әзірлеген бірқатар заң жобаларын мақұлдады

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Елбасының 2010 жылғы тамыздың 17-сіндегі №1039 «Құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы сейсенбі, қазанның 5-і күні Үкімет отырысында мақұлданды.

Үкімет    Елбасының тапсырмаларын  жүзеге асыру аясында  Әділет министрлігі әзірлеген  бірқатар заң  жобаларын  мақұлдады

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобаларын Әділет министрі Рашид Түсіпбеков таныстырып өтті.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өз кезегінде, бұл құжаттарда Елбасы тарапынан берілген барлық тапсырмалар ескерілгенін атап өтті.

Осы орайда Үкімет басшысы заң жобасын әзірлеуге қатысқандарға, Үкімет мүшелеріне, Президент аппаратына қысқа мерзімде жүктелген барлық міндеттерді уақтылы орындауына байланысты алғысын білдірді.