Үкімет еліміздің ҮИИД бағдарламасын талқылады
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен кеңес өтті.
ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтының хабарлауынша, онда Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының негізгі нысанды көрсеткіштерін орындау мәселелері, Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы және Мемлекеттік бағдарламаның жүйелік мәселелері қаралды.