10:43, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Үкімет энергия тиімділігі жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет энергия тиімділігі жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады.

Аталған құжатты индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин таныстырды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде энергия тиімділігі әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің дамуының негізі болып табылады.
«Біздің елде бұл тұрғыда ауқымды әлеует бар» деді ол. Қ.Тілеушиннің айтуынша, энергияны көп пайдаланатын салалардың бірі - өнеркәсіптік өндіріс саласы. Бүгінде оның үлесінде энергия пайдаланудың 70 пайызынан астам көрсеткіші қамтылып отыр. Атап айтқанда, бүгінде еліміздегі 15 ірі кәсіпорын 30 пайыздан астам электр энергиясын пайдаланады.