Үкімет «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады
АНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.
Аталған жобаны бүгін Үкіметтің селекторлық форматта өткен отырысында таныстырған Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев: «Бізде баға саясатын үйлестіру бойынша белгілі міндеттемелер бар. Ішкі нарықта газдың бағасы біршама көтерілетіндігі түсінікті. Дегенмен ол Ресей Федерациясына қарағанда төмен болады. Мен бұл орайда еуропалық нарық турасында айтып отырғаным жоқ. Газдандыру бас сызбасына сәйкес газдың барлық көлемі басымдықпен ішкі нарыққа жеткізіледі», - деді.
Жалпы миинстрдің атап өтуінше, заң жобасында ішкі нарыққа газ жеткізуге басымдық беріледі. Сонымен қатар ішкі нарыққа тауарлық газ жеткізу бойынша бірыңғай ұлттық оператор құруды көздейді. Аталған оператор өңделген ілеспе газды сатып алуда басым құқыққа ие болады. Әрбір облыс пен қала үшін бірыңғай көтерме баға енгізу мәселесі же заң жобасында қарастырылған. Бұл орайда айта кетерлігі, баға Үкіметпен белгіленетін болады.
«Бұл заңды қабылдау газ саласының алдында тұрған мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді», - дейді министр.