Үкімет «Ғылым туралы» заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасының ғылым туралы» заң жобасын мақұлдады. Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері аталмыш заң жобасына бірауыздан дауыс берді. Енді заң жобасы Парламентке енгізілетін болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы мақұлданғаннан кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа оны парламентшілер алдында жақсылап таныстыруды тапсырды. «Депутаттарға, ғылыми қоғамдастыққа, тұтастай қоғамға аталмыш заң жобасының қажеттілігін түсіндіру керек. Бізге бірінші кезекте әлемдік қоғамдастық мойындайтын ғылым, нақты ғылыми нәтижелер керек», деді Премьер-Министр.

Ж. Түймебаевтың айтуынша, «Ғылым туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Заң жобасының негізгі мақсаты - трансферт, ел дамуының басым бағыттары бойынша жаңа білімді құру арқылы Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілеттілігін атқаруға мүмкіндік туғызатын ұлттық инновациялық жүйені құру. Заң жобасы ғылымды басқарудың негізгі тұжырымдамалық ережелерін бекітеді. «Заң жобасы ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге, ғалым мен ғылымның рөлін күшейтуге, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциялауды ілгерілетуге, ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижесін арттыруға, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерді қамтамасыз етуге бағытталған», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында ғылымды басқару жүйесіндегі стратегиялық, әкімшілік және сарапшы қызметтерді бөлу қарастырылған. Шешім қабылдауда ғылыми қауымдастықтың рөлін көтеруге, сондай-ақ құрамына қазақстандық ғалымдар мен шетел мамандары кіретін Ұлттық ғылыми кеңестерді құру арқылы ғылыми жобаларды іріктеу рәсімінде тәуелсіздікті қамтамасыз етуге маңыз беріледі. Мемлекеттік қаржыландыруға үміткер ғылыми жобалардың тәуелсіз халықаралық сараптамасы енгізіледі. Ол үшін Мемлекеттік ғылыми техникалық сараптаманың ұлттық орталығы құрылады. Заң жобасында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджет есебінен үш тетік бойынша атап айтқанда, базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы тетіктер бойынша қаржыландыру көзделіп отыр. Ғылыми зерттеулер «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның аясынан шығарылады. Бұл өзгерістер ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар