Үкімет халықты еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасымен танысты
Министрдің атап өтуінше, бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Оның біріншісі - оқыту арқылы белсендіру әрі одан ары жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау көрсету. Екіншісі - экономикалық өсім нүктесіне қоныс аударуды ұйымдастыру арқылы еңбек ресурстарының жеделдігін арттыру. Үшіншісі - ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту.
«Бағдарлама 2011 жылы үлгі жоба ретінде қарастырылады. Ал 2012 жылдан бастап толыққанды жүзеге асыру болжануда», - деді министр.
2015 жылға қарай аталған бағдарламаның 1,5 миллионға жуық адамды қамтитындығын атап өткен ол: «Оны жүзеге асыру республикадағы кедейшілік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетуге сонымен қатар, әрине жұмыссыздық деңгейінің 5,5 пайыздан асып кетпеуіне мүмкіндік береді», - деді г.Әбдіқалықова.