Үкімет халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздар санын ұлғайтпау мәселесін айына бір мәрте қарайтын болады

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Үкіметі халықты жұмыспен қамту және елдегі жұмыссыздар санын ұлғайтпау мәселесін айына бір мәрте селекторлық кеңесте қарайтын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Премьер-Министр кейбір жағдайда жұмыспен қамту және жұмыссыздар санының ұлғайып кету мүмкіндігін айтып, облыс әкімдерінің назарын мұндай жағдай орын алғанда оған бірден назар аудару керектігіне және Үкіметті құлағдар етуге аудартты. «Біз бірлесіп шаралар қабылдайтын боламыз», деді К. Мәсімов. Премьер-Министр халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздар санының ұлғаюына жол бермеу 2009 жылдың ең басты мәселесі екенін тағы да бір қайталап айтты. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі басқаратын жұмыс тобы бұл бағыттағы өз жұмысын тоқтатпауы тиіс», деді Премьер-Министр. Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдері халықты жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын өздерінің бір-бір орынбасарларын анықтаулары тиіс. Олар басқаратын өңірлік штабтардың жұмысы үкіметтік деңгейде үйлестірілетін болады.
Соңғы жаңалықтар