Үкімет Инновацияны дамыту және ғылыми-техникалық даму салааралық жоспарын техникалық жаңартуға жәрдемдесу бағдарламасын мақұлдады
АНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Үкіметі Инновацияны дамыту және ғылыми-техникалық даму салааралық жоспарын техникалық жаңартуға жәрдемдесу бағдарламасын мақұлдады.
Селекторлық форматта өткен Үкімет отырысы барысында бағдарламаны таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аталған инновациялық бағдарлама индустриализациялау бойынша президенттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында әзірленгенін атап өтті.
Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы барлық салалық бағдарламалар әзірленіп, бекітілген. Ал бүгінгі Үкімет мүшелерінің назарына ұсынылған құжат солардың соңғысы болуымен қатар маңызы да жоғары.
«Инновацияны дамыту бағдарламасы негізінен, бұған дейін болған қолданыстағы тетіктерді қайта жүктеу болып табылады. Біз оларды индустриялизация мақсатында барынша қайта жүктедік», деді Ә.Исекешев.