Үкімет ірі кәсіпорындарды шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаға қосты

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Үкіметі ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен және азық-түлік тағамдарын өндірумен шұғылданатын ірі кәсіпорындарды шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қосты,

Үкімет ірі кәсіпорындарды шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаға қосты
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көптеген кәсіпкерлердің ортақ көзқарасы Үкіметке олардың салалық және басқа да қауымдастықтары арқылы келіп түсуде. Премьер-Министр басқаратын Үкіметтің дағдарысқа қарсы кеңесіндегі көптеген талқылаулардан кейін ірі кәсіпорындарды, әсіресе ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен және азық-түлік тағамдарын өндірумен шұғылданатындарын шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаға қосу жөнінде шешім қабылданды», деді бүгін Астанада өткен BNews.kz порталындағы интернет конференцияда Вице-премьер Серік Ахметов. Оның айтуынша, мұндай кәсіпорындар шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге орналастырылған қаржының 30 пайызы аясында несилендіріле алады.Сонымен қатар, ол қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» қоры Үкіметпен бірлесіп өңдеуші саладағы ірі кәсіпорындарды несиелеу жөніндегі жеке бағдарламаны қабылдау мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.