Үкімет кәсіпорындарды сауықтыру тетіктеріне назар аударуы тиіс - Елбасы

қпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет кәсіпорындарды сауықтыру тетіктеріне назар аударуы тиіс. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Үкімет басшысына осындай тапсырма жүктеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметке «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолданыстағы кәсіпорындарды сауықтыру тетіктеріне баса назар аударуды жүктеймін. Әрине, кәсіпорындарға көмектесетін боламыз, бірақ бәріне бірдей емес. Ал қалыптасқан жағдайларға келетін болсақ, бұл ақыр аяғы банктер тарапынан қабылданған қате шешімдер салдарынан орын алды. Кейір кәсіпорындар басшылары да жағдайға сай бизнес-үлгіні дұрыс таңдаған жоқ. Сондықтан да, бұл бағытта барлық шара еріктілік және транспаренттілікке негізделетін болсын», деді Елбасы.

Сонымен бірге, Президент бизнес өзінің нақты мүмкіндіктерін ашуға ұмтылуы тиістігін айтып, бұл ретте орнықтылық бағытындағы нақты жоспарлары көрсетілуі қажеттігін де еске салды.

Соңғы жаңалықтар