Үкімет қаулысымен әуе маршруттарын субсидиялау ережелері бекітілді
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Үкіметтің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 қаулысымен Әуе бағдарларын субсидиялау ережелері бекітілді.
«Әуе бағдарларын субсидиялау ережелерін бекіту туралы» қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтіні республикалық басылым беттерінде жарияланады.