Үкімет Қаулысымен Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйесін субсидиялаумен байланысты іс-шараларды қаржыландырудың ережесі бекітілді
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйесін субсидиялаумен байланысты іс-шараларды қаржыландырудың ережесін бекіту туралы» Қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының 2009 жылғы желтоқсанның 7-індегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында, Үкімет Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйесін субсидиялаумен байланысты іс-шараларды қаржыландырудың ұсынылып отырған ережесін бекітуды қаулы етеді», - делінген 2010 жылғы сәуірдің 16-сында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойған №319 Қаулыда.
Қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап күшіне енеді.