Үкімет қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1141 қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілді.
None
None

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 5 қыркүйек №1141 Астана, Үкімет Үйі

  Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегіЗаңының 8-бабының  24-11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын және  (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.   

Соңғы жаңалықтар