Үкімет қаулысымен Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидалары бекітілді
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2011 жылдың 5 желтоқсанынан, №1460
Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидалары бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының 5- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидалары бекітілсін.
- 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Талаптардың мәтіні республикалық басылымда жарияланған.