Үкімет қаулысымен Электр қондырғыларын орнату қағидалары бекітілді
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазан №1355 қаулысымен Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекітілді
***
Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын орнату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов.
Қаулының толық мәтіні ресми БАҚ-тарда жарияланды.