Үкімет қаулысымен фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгіленді

***
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат; 2010 ж., № 25-26, 189-құжат; 2012 ж., № 35, 466-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
І-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке:
1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.