Үкімет қаулысымен ҚР 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламасы бекітілді

СТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламасы бекітілді.
None
None

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы тамыздың 4-і. № 791

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі қаулысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бвағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы сәуірдің 14-індегі № 302 қаулысын мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламасы бекітілсін (бұдан әрі - Бағдарлама).

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және дер кезінде орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Орталық атқарушы органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, жартыжылдықта бір рет Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жинақ ақпарат ұсынатын болсын.

4. Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жартыжылдықта бір рет Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне жинақ ақпарат ұсынатын болсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов

Соңғы жаңалықтар