Үкімет қаулысымен ҚР телекоммуникация желілерін күзету қағидалары бекітілді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидалары бекітілді.
None
None

 ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Респубикасының Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі  2011 жылдың 30 желтоқсанынан  № 1689 бұйрық

Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын бекіту туралы.

  «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар желiлерiн күзету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1010 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 481-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

  Мәтін баспасөзде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар