Үкімет қаулысымен ҚР теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы және теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 18 шілде №823 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы;
2) Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ