Үкімет Қаулысымен майлы дақылдар тұқымдарының кейбір түрлерін, өсімдік майларын және құмық жармасын шығаруға тыйым салынды
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Үкімет Қаулысымен майлы дақылдар тұқымдарының кейбір түрлерін, өсімдік майларын және құмық жармасын шығаруға тыйым салынды.
Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, Үкіметтің «Майлы дақылдардың тұқымдарының кейбір түрлерін, өсімдік майларын және құмық жармасын шығаруға тыйым салу туралы №10524 қаулысына қазанның 5-інде қол қойылды.
Азық-түлік тауарларының ішкі нарығында күрделі тапшылық пен баға өсуін болдырмау, отандық өңдеуші кәсіпорындарды өсімдік майларын және тоңмай өнімдерін өндіруге қажетті жеткілікті шикізатпен қамтамасыз ету, аталған тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылы қазанның 5-інде «Тауарлардың жеке түрлерін шығаруға тыйым салу туралы» Қаулыға қол қойды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.