Үкімет қаулысымен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1212 қаулысымен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидалары бекітілді.

Үкімет қаулысымен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1212

Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидалары бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-6-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.

Құжаттың толық мәтіні республикалық басылымдарда жарияланды.