Үкімет қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді. ҚазАқпарат аталмыш қаулының мәтінін таратады.

Үкімет қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 3 тамыз №779 Астана, Үкімет Үйі


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысымен бекітілген.