Үкімет қаулысымен «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді.

Үкімет қаулысымен «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі, 2011 жылдың 1 желтоқсанынан, №1431

 «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  • 1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
  • 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                        Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.

 Санитарлық талаптардың мәтіні республикалық басылымдарда жарияланған.